$ 494.87  520.65  4.91

Алматының «Шапағат» шағынауданында жеке тұрғын үй отқа оранды

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры жанып жатқан.

Алматының «Шапағат» шағынауданында жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы ТЖД сілтеме жасап. 

Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші пультіне Алатау ауданы, «Шапағат» мөлтекауданының Градокомплекс көшесіндегі №11 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін саған 14:47-де түсті. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры жанып жатқан. Қызыл жалынды сөндіру барысында сыйымдылығы 25 литр 7 газ баллоны сыртқа шығарылды.

Өрт 15:35-те толықтай сөндірілді. 

Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Өрт сөндіру жасағы дер кезінде келгендіктен, жақын маңда орналасқан үйлерді жалын шарпыған жоқ. 

Ешкім зардап шекпеді. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 23 маманы мен 6 арнайы техникасы тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары