YouTube арнасындағы OYBAY SHOW бағдарламасының жүргізушісі танымал «Қалаулым» және «Кел, келінім» ток-шоуларының қатысушысын қонаққа шақырды. Түсірілім кезінде ол азаматқа қоғамдық дәретхананы жуғызды, деп Sn.kz ақпараттық порталы.
Ток-шоулардың қатысушысы «Шпили-вили» деген атпен танымал Илияс Бордатханов қоғамға ешқандай пайда әкелмегені үшін бағдарламада жазаланды.
«Менің ойымша сенің қоғамға ешқандай пайдаң тиген жоқ. Сол себепті мен саған жаза ойлап таптым. Дәретханаға кіріп, дәрет сындыратын жерді жалтыратып жууың қажет. Сен «Қалаулым» мен «Кел, келінімде» отырғаның үшін жазаландың», - деп түсіндірді ол.
Бағдарлама қонағына бейәдеп қылықтарын көрсетіп отқаны үшін дәретхана тазалауына тура келді. Және ол сұхбат барысында жезөкшелікпен айналысатынын да мойындады. Әйелдерге секс сыйлағаны үшін 300-мыңға жуық ақша алған екен.
«Мен өмірімде бірінші рет дәретхана тазалап тұрмын. Бұл масқара», - деді жігіт.
Бағдарлама қонағы түсірілім барысында тәртіпсіз қылықтарымен көзге түсіп, көпшілік оған қарғысын да жаудырып үлгерді.
«Осындай еркектің жер басып жүргеніне таңғаламын», «Оңбаған, ұятсыз», «Мынаны қалай эфирге шығарып отсыңдар, жас ұрпақтың миын улайды», «жоқ боп кет, албасты» т.с.с. – деп жазды желі қолданушылар.