Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Қоянды су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту акциясын қолдайды. Бұл туралы қала әкімдігі Instagram-парақшасында хабарлады.
Экологиялық шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ведомстволар басшылары, қоғам қайраткерлері, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты. Олардың жалпы саны - 1200-ден астам болды.
Елорда әкімі осындай игі шараның шаһар ішінде де өткізудің маңызына тоқталды.
«Демалғанды жақсы көреміз де, соңынан жинауды ескермейміз. Бұл дұрыс емес. Тазалық - денсаулығымыздың кепілі. Осындай игі шараның жалғасқаны жөн. Келесі аптада қала ішінде ұйымдастырамыз», - деді А.Көлгінов.