$ 494.87  520.65  4.91

«Анамнан оңбай таяқ жедім»: Маржан Арапбаева балалық шағын еске алды

Маржанды ата-анасы ешқашан еркелетпей, қатал тәртіпте тәрбиелеген көрінеді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Әнші Маржан Арапбаева өзінің балалық шағына саяхат жасады, деп жазады 365info.kz.

Маржанды ата-анасы ешқашан еркелетпей, қатал тәртіпте тәрбиелеген көрінеді. 

Болашақ жұлдыздың анасы мектепте мұғалім болып істеген. Сондықтан Маржан әрдайым әдептілікті сақтап жүретін болған, сабағын да жақсы оқыған.

Бірақ әнші анасының қатты ұрған күнін есіне сақтап қалыпты. Ол түлектер кешінен таңда келгені үшін таяқ жеген.

«Анам 35 жылдан бері мұғалімдік қызметте. Мен ның ашуына тимей, әдепті болуға, жақсы оқуға қатты тырысатынмын. Алайда анам түлектер кешінде таңда келгенім үшін аямай ұрды. Анамнан оңбай таяқ жедім», - деп сырымен бөлісті Маржан Арапбаева.

Қазіргі таңда өзі 3 баланың анасы. Маржан өз сөзінде балаларына ешқашан қол көтермейтінін, оларға жақсы-жаманды жайлап түсіндіретінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары