22.07.2019, 20:32

Алматыда баспасөз кездесуі кезінде жанжал шықты

Алматы ПД-да хабарлағандай, адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюрода сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алматыда баспасөз кездесуі кезінде жанжал шығып, ұйымдастырушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері полицияға шағымданды. Сонымен қатар, тағы үш азамат іс-шараны ұйымдастырушылар мен журналистердің оларға дене жарақатын салғаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы ПД-да хабарлағандай, адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюрода сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Арыздарды журналистер мен іс-шараны ұйымдастырушылар жазды.

Қазір тергеу ҚР ҚК-нің 389-бабы бойынша жүріп жатыр, алайда іс қайта саралануы мүмкін.

Сонымен қатар, арыздарды тағы үш азамат жазды. Адамдар кездесуді ұйымдастырушылар мен журналистердің оларға зақым келтіргенін мәлімдеді.

 

Сот-медициналық сараптама жасалатын болады.

Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро ұйымдастырған баспасөз конференциясы төбелес пен тартысқа байланысты бұзылды.

Тегтер: Алматы