$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласында ірі бизнесменді атып кетті

Бұған қатысты полицейлер қылмыскерді іздеп жатыр

Шымкент қаласында ірі бизнесменді атып кетті. Бұған қатысты полицейлер қылмыскерді іздеп жатыр, деп жазады Stan.kz. 

Қалалық ПД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс 19 шілдеде болды.

Отырар.kz порталының ақпаратына сәйкес, бизнесменнің Lexus көлігіне аң аулайтын мылтықтан оқ атылған.

Шымкент полициясы хабарлағандай, жергілікті тұрғынның өліміне қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде.

«Қазіргі таңда қылмыстық іздестіруге бағытталған барлық жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге де мәліметтері жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент