22.07.2019, 21:29

Елордада шомылуға болатын 20 орын

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша елордада суға шомылуға рұқсат етілмеген 20 орын тіркелген.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері елордалық құтқарушылар полиция мен еріктілермен бірлесіп суға түсуге рұқсат етілмеген орындарға 128 рейд жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфоқалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша елордада суға шомылуға рұқсат етілмеген 20 орын тіркелген. Олардың 5-еуі Сарыарқа ауданында, 6-ауы Алматы және Есіл аудандарында, 3-еуі Байқоңыр ауданында орналасқан.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері рұқсатсыз жағажайларда 8 адам қаза тапқан.

"Адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында ТЖД, полиция қызметкерлері мен еріктілер 128 рейд жүргізді, 140 тыйым салу белгілері, 30 стенд орнатылды, демалушыларға тиісті ақпарат жазылған парақшалар таратылуда", - делінген хабарламада.

Күн сайын қала жағажайларын патрульдеуге 40-қа жуық адам шығады. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Есіл ауданының орталық саябағында, «Три пескаря» (Сарыарқа ауданы), «Столичный двор» (Алматы ауданы, Күйгенжар) демалыс аймақтарында барлығы 3 заңды жағажай жұмыс істейді.

Келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында елордалық құтқарушылар тұрғындар мен қонақтарды судағы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, арнайы рұқсат етілген орындарда шомылуға шақырады.

Тегтер: Нұрсұлтан