23.07.2019, 10:30

Алматыдағы жанжал: көп балалы ана Азаттық Радиосынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Кетіңдер, кірмейсіңдер деп өздері сол жерде ұрысты бастады. Сондықтан шу болды. Осыны түсіндіріп өтейін», - деп қорытындылады дауға қатысушы.

Алматыдағы баспасөз кездесуіндегі жанжалға қатысқан көп балалы ана Азаттық Радиосынан кешірім сұрады. Ол желіде тараған видеода оқиғаның қалай орын алғанын да түсіндіріп өтті.

«21 шілде күні «Активист ДВК» деген Telegram чаттағы хабарламаны оқып, айтқан мекен-жай бойынша ғимаратқа қандай жағдай боп жатқанын білейік деп бардық. Бізді ішке кіргізбеді. «Біз не үшін кірмейміз, біз де көп балалы анамыз, біз де кіруге құқылымыз» деп айтқан кезде бірден у-шу басталып кетті. Менің қасымда тұрған, бірге барған әйелді ұрып жатқанын көріп, мен ажыраттым. Сол кезде оның қабырғасы сынып, басынан зақым алған. Қазір ауруханада жатыр. Екінші қызымыз да жағынан зақым алып, аурухаға түсті. Біз бірден арыз жаздық», - деп оқиғаны баяндады ол.

Сонымен қатар, көп балалы ана тілшілерден кешірім сұрады. 

«Егер де біз Азаттық Радиоға зақым тигізген болсақ, олардан шын жүректен кешірім сұраймын! Сондағы жігіт те (әйелдерді ұрған) бізден кешірім сұрасын», - деді ол. 

Сондай-ақ, ол оқиға орнында аналардың ұрысты бастамағын айтты.

«Кетіңдер, кірмейсіңдер деп өздері сол жерде ұрысты бастады. Сондықтан шу болды. Осыны түсіндіріп өтейін», - деп қорытындылады дауға қатысушы.   

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда баспасөз кездесуі кезінде жанжал шыққанын жазған болатынбыз.