23.07.2019, 11:05

Ұлттық кеңес жерді сату және жалға беру мәселесін талқылады

Жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайды деп мәлімдеген болатын.

Ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесі жақында құрылған Ұлттық кеңесте талқыланады, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбек айтты.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды. Сондай-ақ, ауылдарға жер учаскелерін сату мен жалға беру мораторий мәселесі бойынша өңірлерге кесте бекітілді. 2019 жылдың соңына қарай, ҚР Президентінің жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылады», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың мамыр айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  "Жер туралы кодекске" енгізілген өзгерістерге 5 жылға мораторий жариялаған болатын.

Жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайды деп мәлімдеген болатын.

«2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты мораторий аяқталады. Нақтылап айтсақ, ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беруге салынған тыйым туралы сөз болып отыр. Біз бұл мәселеге қатысты соңғы шешім қабылдауымыз қажет. Шетелдіктерге келер болсақ, оларға жер сатылмайды", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.