$ 494.87  520.65  4.91

Ішкі істер министрі Алматыдағы жанжалға қатысты пікірін білдірді (ВИДЕО)

«Қазіргі уақытта екі тарап дене жарақаттарын келтіру және бұзақылық бойынша бір-бірінің үстінен арыз жазған», - деді Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайына тоқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

«Кеше Алматыда брифинг не жиналыс кезінде екі тарап бір-бірімен жанжалдасып қалған, сондықтан оқиға жан-жаққа тарап кетті. Қазіргі уақытта екі тарап дене жарақаттарын келтіру және бұзақылық бойынша бір-бірінің үстінен арыз жазған. Екі тарап та полиция мен медициналық мекемелерге жүгінген. Бүгінде екі арыз тіркелді, бәрін тексереміз», - деп Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.

Естеріңізге салсақ, 22 шілдеде Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде төбелес болған. Бес адам полицияға арыз жазған. Сондай-ақ үш адам «іс-шара ұйымдастырушылары мен журналистер дене жарақаттарын келтіргенін» айтып арызданған. Енді сот-медициналық сараптама болады. 

Бүгін төбелеске қатысқан ананың кешірім сұраған видеосы жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары