23.07.2019, 12:30

Қарағанды тұрғыны ақша айырбастау пункінде істейтін сүйіктісін тонап кетті

Фото: newsone.ua
Кездесу барысында жігіт қыздан күзетшілердің және қолжетімді ақша сомасын, айырбастау пункінің штат санын анықтаған.

Қарағанды тұрғыны ақша айырбастау пункінде кассир боп істейтін қызды өзіне ғашық етіп, бірнеше кездесулерден соң тонап кеткен, деп хабарлайды liter.kz.

Кездесу барысында жігіт қыздан күзетшілердің және қолжетімді ақша сомасын, айырбастау пункінің штат санын анықтаған.

Сүйгенінен күдіктенбеген қыз барлық ресми құпияларды жайып салған. Түнгі уақытта жігіті оны өтірік айтуға итермелеп, жұмыс орнындағы есікті қағуға мәжбүрлейді. Әріптесіне кішкене қызының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, есікті ашқызады. Сол сәтте жігіт кезекші кассирдің бетінен ұрып құлатады. 

Пышақ ұстаған қылмыскер сүйіктісіне сейфті ашқызып, ақшаның бәрін беруін айтқан. Ол сейфтен 3 миллион 902 мың 300 теңге, 952 доллар, 2 мың 650 евро және 120 мың 300 ресей рублін алып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Деревцов Сергейге 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Шәріп Сисімбаев. 

Осы жазаға Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы үкімімен 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы өтелмегенін анықтап, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.