$ 494.87  520.65  4.91

«Ыстықтап кеткен шығар»: Нұр-Сұлтанда ер адам киімсіз көше кезіп жүр (ВИДЕО)

Тыржалаңаш ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласында жалаңаш ер адам көше кезіп жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы. 

Оны көрген куәгерлер Instagram әлеуметтік желідегі astanovka98 парақшасына видеоны жариялаған. 

«Астана. Түс уақыты. Жеңіс көшесімен жалаңаш ер адам жүріп бара жатыр. Қолында плакат жоқ. Біраз қыдырып алсын», - деп жазылған видео астындағы жазбада.

Видеоны көрген желі қолданушылар жарыса пікір қалдырып жатыр.

«Астанада өмір сүрген қызық қой», «жалаңаш әрі күлкілі», «мына еркекті турап тастау керек», «ыстықтап кетке шығар», «қазақ емес шығар деп үміттенемін», «ұтылып қалған шығар достарынан, ұтылдың ба - орында», - деді олар.

Жалаңаш ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды.

«Кеше күндіз Жеңіс және Бөгенбай даңғылы қиылысында ер адам көшеде тыржалаңаш жүрген. Оны полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасынан байқап қалып, жақын маңдағы бөлімшеге апарған. Ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды. Медицина қызметкерлері келіп, оны ауруханаға алып кетті. Егер көшеде сау адам солай жүрсе, міндетті түрде жазаланады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары