2019 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша коллекторлық агенттіктерге қатысты жуықтап алғанда 10 ықпал ету шарасы және 1 641 500 теңге көлемінде 5 әкімшілік айыппұл және 5 ықпал ету шарасы қолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңға сәйкес коллекторлық агенттік дегеніміз — коммерциялық ұйымға жататын заңды тұлға. Коллекторлық қызмет — сотқа дейінгі тәркілеуге және қарызды бақылауға, қарызға қатысты ақпаратты жинауға бағытталған коллекторлық агенттіктің жұмысы. Коллекторлық қызмет қарызды өндіріп алу үшін келісімшарттың негізінде жүзеге асады.
Жүргізілген сараптама қорытындыларынан коллекторлық агенттіктердің коллекторлық қызметті жүзеге асыру тәртібі бойынша заңды бұзғаны байқалады. Атап айтқанда, коллекторлық агенттік мойнында қарызы бар адаммен нашар жұмыс атқарған. Коллекторлық агенттік қарызы бар адамға дұрыс ақпарат бермеген. Үшінші адамға коллекторлық құпияны ашқан.
Коллекторлық агенттіктің тарапынан әділетсіздікке тап болсаңыз, «ҚҰБ «Online» қосымшасы арқылы шағым түсірсеңіз болады. Сондай-ақ, банкте қарызы бар адамдар мен микроқаржылық ұйымдар құқық бұзылған жағдайда 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекен-жайына бара алады.
Құқықтық көмек алу үшін Ұлттық банктің жалпы қабылдау бөлмесіне: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67. Байланыс телефоны: +7 (727) 2788104 (ішкі 5571, 5573);
Ұлттық банктің бөлімшелерінің көмегіне жүгіне аласыз. Ол үшін www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген «Ұлттық банк туралы» бөліміне кіріп, «ҰБ құрылымы» - «Бөлімшелер» дегенді таңдау керек.