ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату қажеттігін айтты.
«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», - деді Мемлекет басшысы өз Twitter-парақшасында.