24.07.2019, 16:30

Телефонға алаңдаған: Алматыда бойжеткен автобустан құлап кетті

Бойжеткен №422 қала маңынан жүретін қоғамдық автобустың шығаберісінен құлаған.

Алматы облысында бойжеткен автобустан құлап кетті, деп хабарлайды inAlmaty.kz Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Бойжеткен №422 қала маңынан жүретін қоғамдық автобустың шығаберісінен құлаған. Ол ұялы телефонға бас алмай қараудың салдарынан жердің қашықтығын аңғармай қалған. 

«Жедел» ЖШС тасымалының жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. №422 автобус жүргізушісінің айтуынша, Алматы-1 станциясынан Ащыбұлақ ауылы бағыттаған. 19 жастағы жолаушы Аяла Нұрбол жүргізушіден аялдамасынан өтіп кеткенін айтып, рұқсат етілмеген жерден тоқтауын сұраған. Жүргізуші оң жақтағы жолаққа өтіп, есікті ашады. 

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен құлаққабын шешпей, екі көзі смартфонында болған. Ол баспалдақты баспастан алға қадам жасап, жерге құлады.

Оқиға орнына жол полицейлері келіп, куәгерлерді тергеуге алды. Жолаушылар автобус жүргізушісінің кінәсіздігін айтқанмен, автотұрақ басшылығы қызметтік тергеуді бастап кеткен. Олар кінәсі анықталған жағдайда жүргізушіге қатысты шара қолданылатынын айтты.