$ 498.34  519.72  4.85

Басып озбақ болған: Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, жүргізуші жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі «Хюндай Соларис» көлігін басып озбақ болып, қарсы бағытқа шығып кетеді. Соның салдарынан «Тойота Камри» автокөлігі бағытын өзгертіп, қарсы бағытта шығып, «Ваз- 21099» автокөлігімен соқтығысты. 

«Жол көлік оқиғасы салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал «Ваз-21099» көлігінің жүргізушісі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, медциналық көмек көрсетілген соң үйіне кеткен. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», -деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары