Жердегі климаттың өзгеруіне байланысты аса қауіпті паразит тарап жатыр. Бұл туралы Нидерланды мен АҚШ ғалымдары хабарлады, деп жазады Sputniknews.kz ақпараттық порталы.
Зерттеушілердің айтуынша, негізінде саңырауқұлақтар адам ағзасының температурасында дами алмайды. Алайда жаһандық климаттың жылынуы Candida auris саңырауқұлағына 37 градуста өмір сүруге мүмкіндік береді, деп хабарлады Science Alert басылымы.
Ғалымдар адамның иммун жүйесі осы бір қауіпті инфекциямен күресіп жатқанын айтты.
«Мықты» саңырауқұлақ осыдан 10 жыл бұрын анықталған, әлемнің 30 елінде тіркеліпті.
Ғалымдардың деректеріне сүйенсек, Candida auris саңырауқұлағы адам ағзасына түскен соң, қан айналымы жүйесін бұзып, жүрек пен ми қызметінің бұзулына әкеп соғады. Инфекцияны жұқтырған адамдардың 30-60%-і көз жұмады.