25.07.2019, 15:30

Түнгі оқу-жаттығу кезінде ұшақ Каспий теңізіне құлады

Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша түнгі 22.00-де болған.

Әзербайжан әскери әуе күштерінің МиГ-29 ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Sputniknews.kz ақпараттық порталы.

Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша түнгі 22.00-де болған. Түнгі оқу-жаттығуы кезінде МиГ-29 жойғышымен байланыс күрт үзіліп, ұшақ радардан жоғалып кетеді.

Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі Каспий теңізіне құлаған.

Қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.  

Тегтер: әскери ұшақ