$ 448.15  483.46  4.86

Әйелдің асқазанынан бағалы заттар табылды

Қыздың шешесінің айтуынша, ол кейде есін білмей қалатын көрінеді. Әйел үйдегі әшекей бұйымдарының жоғала бастағанын байқаған. Ал монеталарды қыз ағасы жұмыс істейтін дүкеннен алған.
Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Дәрігерлердің айтуынша, 26 жастағы келіншек 5 және 10 рупийлік 90-ға жуық монета және мыс пен латуньнан соғылған әшекей бұйымдарды жасырмақ болып жұтып жіберген. Әшекейлердің арасында тіпті қолсағат та бар болып шықты, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Қыздың шешесінің айтуынша, ол кейде есін білмей қалатын көрінеді. Әйел үйдегі әшекей бұйымдарының жоғала бастағанын байқаған. Ал монеталарды қыз ағасы жұмыс істейтін дүкеннен алған. 

«Біз оны аңдып жүрдік, бірақ ол сонда да бір амалын тауып, әшекейлерді жұта беріпті. Соңғы екі айда мазасы кетті», - дейді қыздың шешесі. 

Ақыр соңында «темір жегіш» 2әйелді ауруханаға жатқызуға тура келген. Оның асқазаны металға толғанын сол жерде дәрігерлер анықтады. Артынша, шұғыл ота жасап, асқазанын тазалады. Енді әйелдің туыстары оны психиатрға көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары