$ 494.87  520.65  4.91

8-інші баласын туды: әйел жүктілігін бүйрегіндегі таспен шатыстырған

Англиялық Челтнем ауданындағы Глостершир корольдігінде тұратын әйел жүктілігін бүйрегіндегі тас екен деп ойлап, аяқ астынан босанып қалған.
Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz

Әйел жүктілігін бүйрегіндегі таспен шатастырып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Англиялық Челтнем ауданындағы Глостершир корольдігінде тұратын әйел жүктілігін бүйрегіндегі тас екен деп ойлап, аяқ астынан босанып қалған.

Көпбалалы ана Сэффрон Сноу 2017 жылдың қыркүйегінде белі мен іші қатты ауырып, жедел жәрдем шақырғанын айтты. Әйел бүйрегінде тас бар екеніне сенімді болған. 

«Дәрігерлер келген кезде, менен "Жүкті болуыңыз мүмкін бе?" деп сұрады. Бірақ мен оларға жарты жыл бұрын спираль салғызғанымды айттым», - дейді Сэффрон Сноу.

Медбике 33 жастағы келіншекті тексеріп, оның жүктіліктің соңғы айында екенін анықтаған. Әйел перзентханаға жеткізіліп, сегізінші баласын босанған. Ол ұлының атын Артур деп қойған екен.

Сэффрон Сноу соңғы айда үш рет дәрігерге барып бүйрегін тексерткен. Бірақ, дәрігер келіншектен жүктілік белгілерін байқамаған. 

«Балаларым менен осы уақытқа дейін Артурды қайда тығып қойдың деп сұрап қатты таңғалады», - дейді Сэффрон Сноу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары