$ 494.87  520.65  4.91

Түркістандық келіншек шоколад дәмі қосылған құрт өндіреді

Бүгінде Мақпалдың жасаған құрттарына жергілікті тұрғындардан сұраныс жоғары.

Түркістандық кәсіпкер түрлі-түсті құрт жасауды қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы. 

Мақпал Жазыбекова құрт өндірісін қолға алып отыр. Тұрмысқа шығып, отбасылы болған соң, сиыр сауу күнделікті жұмысына айналады. Ал, алынған сүттен түрлі-түсті құрт жасауды әлеуметтік желіден үйреніпті. 

Бүгінде Мақпалдың жасаған құрттарына жергілікті тұрғындардан сұраныс жоғары. Дәмі де ерекше. Әсіресе, шоколад пен балқаймақ қосылған құрт көпшілікке таңсық дүние болғандықтан тұтынушылары да көп. 

Мақпал алғашқыда сиыр сауудан қатты қорыққан екен. Қазір үйреніп алған. Саудаға да дәл солай келіпті. Жасаған еңбегі зая кете ме деп қорыққанмен тәуекелге бел буған. Нәтижесінде кәсібінен несібесін тауып отыр. 

Ең бастысы, бүгінде саудасы жақсы жүріп жатыр. Құрттардың сатылымы да жақсы. Тұтынушыларының көбісі Түркістан қаласының тұрғындары. Ал, басқа қалалардан төмен бағада алуға тапсырыстар көп келеді екен. Алдағы уақытта кәсібіне жаңа атау беріп, кеңейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ, сатылу аймағында ұлғайтуды жоспарлауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары