$ 443.35  475.54  4.82

#Birge #TazaQazaqstan науқаны өзінің ауқымын кеңейтпек

1500-ден астам табиғат жанашырларының қатысуы жоспарланған.

Қоршаған ортаны тазартуға арналған «Бірге - Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына   қызығушылық танытқан азаматтардың кеңінен қатысуына байланысты қала әкімі Алтай Көлгінов қосымша екі орынды – Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасын қосуды ұсынды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі ұсынған жерлермен қатар 27 шілдеде акция аясында Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. 1500-ден астам табиғат жанашырларының қатысуы жоспарланған. 

Қатысқысы келетіндердің барлығына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі сағат 9.00-де Б.Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Astana Music Hall мейрамханасының тұрағында күтеміз. 

Акцияның басталуы – сағат 10.00-де. 

"Барлық астаналықтарды жақындары, балаларымен бірге келіп, туған қалаларының игілігін көруге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары