Алматыда жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар депртаментінен мәлім еткендей, өрт туралы хабарлама 26 шілде күні сағат 23:14-те түскен.
«Алматы қалалық ТЖД-ның пультіне Түрксіб ауданының Жасқанат шағынауданында жұмыс істемей тұрған мешіттің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер 7 минуттан кейін, яғни сағат 23:21-де оқиға орнында болды», - деді департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Жалын бір сағаттан астам уақыттан кейін ауыздықталды.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады ресми өкіл.