$ 494.87  520.65  4.91

Атыраулықтарға далаға шықпауға кеңес берді

25-26 шілдеде Атырауда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, бұның соңы табиғи өртке әкелді.
Фото: КТК
Фото: КТК

Атырауда қамыс өртеніп, түтіні бүкіл қалаға тарады. Тұрғындар қалада түтінге тұншығып жатқандарын айтып шағымданды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәрігерлер далаға шықпауға кеңес береді. Атырау облысында орналасқан «Ақ Жайық» резерватында қамыс өртеніп, түтін бүкіл облыс ортасын қамтыды. Медициналық мекемелерге түтінге тұншығу туралы шағымдар келіп түсті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қышқыл түтіннен көздері жасаурап, қышып жатқан көрінеді. 

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақ Жайық қорығында қамыс өртенді. Өрт сөндірілді, бірақ түтін бүкіл Атырауға таралды. Дәрігерлер тұрғындарға жаяу қыдырудан аулақ болуға және қажет болған жағдайда сақтықпен көшеге шығуға кеңес берді. 25-26 шілдеде Атырауда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, бұның соңы табиғи өртке әкелді.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары