$ 448.15  483.46  4.86

Алматыдағы жол апаты: пойыз жолында 2 көлік қалып қойған

Жалға алынған көліктің жүргізушісі оқиға орынан қашып кетті.

Алматыда екі көлік жүріп келе жатқан пойыздың жолында қалып қойды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан ақпараттық порталына.

Бірінші жол апаты жексенбі күні кешке Бекмаханов көшесінде Сүйінбай көшесіне жетпей болған. Lada Priora Бекмаханов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, жол кептелісіне тап болады. Көлік темір жолдан өте бергенде, пойыз қағып кетті.

Оқиға салдарынан Lada көлігінде отырған жолаушы әйел зардап шегіп, бірақ алғашқы көмек алған соң ауруханаға жатудан бас тартты.

Екінші жол апаты Лавренев көшесінде "Жұлдыз" шағын ауданына бұрылар жерден төменірек болған. Куәгерлердің айтуынша, каршеринг қызметіне тиесілі Volkswagen Polo Лавренев көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқанда, жүргізуші кенет қарсы бетке шығып, қатты жылдамдықпен келе жатқан Mercedes E көлігімен бетпе-бет соқтығысады.

Жойқын соққыдан Mercedes қарсы бетте бірнеше жүз метр жүріп өтіп, аллеядан асып, пойыз жүріп келе жатқан темір жол үстінде бір-ақ тоқтады.

Жол апатынан Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жалға алынған көліктің жүргізушісі оқиға орынан қашып кетті. Полиция апаттың мән-жайын анықтап, қашқын жүргізушіні іздеп жатыр.

Екі көліктің де сау тамтығы қалмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты