29.07.2019, 10:02

Еліміз бойынша тұрмыс құрмағандар мен үйленбегендердің отаны қай өңірде шоғырланған?

Фото: Prophotos.ru
Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 3 пайызға артық. Нәзік жандылардың орташа жасы - 33,4 жас, ал ер адамдардікі - 30,2 жас.

Қазақстанда "ұлдардан қыздар көп" деген ұғым қазіргі таңда дұрыс ақпарат емес. ҚР Статистика комитетінің соңғы мәліметтері бойынша, 20-30 жас аралығындағы жігіттер қыздардан көп. Tengrinews.kz ақпараттық порталы қалыңдық немесе күйеу жігіт іздеп қайда бару керектігін, қай аймақтарда жиі отбсы құрылады және қайда ажырасу деңгейі жоғары екенін айтып береді.  

Қазақстанда 18 489 704 адам тұрады. Халық саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр - 2 047 067 тұрғын. Ал ең аз Солтүстік Қазақстан облысында - 552 271 адам. 

Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 3 пайызға артық. Нәзік жандылардың орташа жасы - 33,4 жас, ал ер адамдардікі - 30,2 жас. Қазақстандықтардың орташа жасы - 31,8. Мысалы, Жапонияда халықтың орташа жасы - 46,1, Италияда - 44,5, Египетте - 25,3. 

20-30 жас аралығы бойынша елімізде ер адамдар басым. Қыздарға қарағанда ұлдар 16 560-қа көп. Жастардың ең көп шоғырланған өңірі - Алматы облысы, 3 090 952 адам. 

Еліміздің солтүстік аймақтарындағы ер адамдар неке қиюға асықпайды екен, атап айтқанда Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Соңғы екі өңірдің қыздары да тұрмысқа шығуға асығар емес. Алматы қаласының тұрғындары да бұл тізімге кіреді.  Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, орташа алғанда 2019 жылы екі некеге бір ажырасудан келеді. Оны 2018 жылмен салыстыратын босақ, былтыр 137 797 неке тіркелген, 57 797 отбасы ажырасқан. 

Бала туу көрсеткіші бойынша, 2019 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Түркістан облысы алда. Мұнда 21 876 бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікте Алматы облысы - 20 318 бала және Алматы қаласы - 13 800 бала кіреді. 

20-30 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар арасында күйеу бала Түркістан облысында көп - 24 677 адам. Ал қалыңдық Алматыда көп - 42 990 адам. Тиісінше, Алматыға күйеу жігіттің артынан, ал Түркістан облысына - қалыңдыққа барудың қажеті жоқ.