Маңғыстау бағытындағы пойызына рейд жүргізу барысында 23 билетсіз мінген адам және 900 келі артатын тіркелмеген жүк багажы табылған деп хабарлайды Stan.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«12-сінен 19 шілде аралығында «Алматы-Маңғышлақ», «Маңғышлақ-Алматы» және «Маңғышлақ-Атырау» бағыттарында қатынайтын пойыздарға Маңғыстау облысының антикоррупция қызметі көлік инспекциясымен бірігіп «Маңғыстау – адалдық алаңы» бойынша рейд жүргізілді. Тексеру барысында 23 билетсіз адам және 900 келі тіркелмеген жүк багажы табылды. Пойыз жолсеріктері әкімшілік жазаға тартылды», - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жақында темір жол саласындағы мамандарға профилактикалық іс-шара өткізілетіні хабарланды.