Ақтөбенің Алға ауданында баласы әкесін өлтіріп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 шілде күні Алға ауданының Тікқайың ауылындағы үйдің ауласынан адам денесі табылды. Сот-медициналық сараптама кезінде адамның механикалық асфексия, яғни, тұншықтыру кезінде өлгені анықталды. Учаскелік инспектор қайтыс болған ауыл тұрғынының 30 жастағы баласын ұстады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.