29.07.2019, 14:00

Ақтөбе облысында 30 жастағы ер кісі әкесін тұншықтырып өлтірді

Фото: PRESS-ЦЕНТР
«Сот-медициналық сараптама кезінде адамның механикалық асфексия, яғни, тұншықтыру кезінде өлгені анықталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі.

Ақтөбенің Алға ауданында баласы әкесін өлтіріп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«27 шілде күні Алға ауданының Тікқайың ауылындағы үйдің ауласынан адам денесі табылды. Сот-медициналық сараптама кезінде адамның механикалық асфексия, яғни, тұншықтыру кезінде өлгені анықталды. Учаскелік инспектор қайтыс болған ауыл тұрғынының 30 жастағы баласын ұстады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.