$ 494.87  520.65  4.91

Мас жүргізушінің кесірінен жол апаты боп, 4 адам ауруханаға түсті

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

28 шілде күні сағат кешкі 11-лер шамасында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Береговое және Башмачный ауылдарының аралығында «21214» және «MERCEDES-BENZ SPRINTER» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол апаты салдарынан «21214» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысы, сондай-ақ «MERCEDES-BENZ SPRINTER» көлігінің екі жолаушысы, соның ішінде 9 жасар қыз түрлі жарақатпен Железин аудандық ауруханасына жеткізілді. 

«Сараптама қорытындысына сәйкес, «21214» көлігінің жүргізушісі орташа деңгейде мас болған. 

Бұдан бұрын, 2019 жылдың ақпанында ол ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған», - делінген хабарламада. 

Бұл факті тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары