Дүйсенбі, 29 шілде күні доллар бағамы ұлттық валютаға шаққанда рекордттық көрсеткішке жетті. Қазақстандық қор биржасы (KASE) сауда қорытындысы бойынша оның бағамы бүгін 385,1 теңгені құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жұма күнгі бағаммен салыстырғанда доллар құны 18 тиынға қымбаттап, өзінің тарихи көрсеткішіне жеткен.
Айта кетерлігі бұған дейін долларға шаққандағы теңге бағамының 385 теңгеден асқаны бұрын-соңды тіркелмеген еді.
Kurs.kzмәліметтері бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны сатудың максималды бағасы 387 теңгеге жеткен.