$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда 52 жастағы ер адамды пышақтап кетті

Басылымның хабарлауынша, белгісіз біреу азаматтың ішінен пышақпен бірнеше рет ұрған.

28 шілде күні кешке Атыраудағы Алмагүл ықшам ауданында 52 жастағы азаматты өлтіріп кетті, деп жазады Ақ Жайық.

Басылымның хабарлауынша, белгісіз біреу азаматтың ішінен пышақпен бірнеше рет ұрған. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Деректерге сәйкес, марқұм Алмагүл ауданында тұрмаған. Өлтіру фактісі болған подъезде бейнекамералар орнатылмаған.

Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол 1966 жылы туған азамат болып шықты. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау