$ 494.87  520.65  4.91

Рентген аппараты өзімізде шығарылады

Шымкентте рентгендиагностикалық аппарат шығаратын зауыт салынып жатыр. Жаңа кешенде жазылуы қиын ауруларды алғашқы даму сатысында анықтап беретiн, тiптi ананың құрсағындағы күрделi патологиялық өзгерiстердi дәл табатын заманауи жоғары технологиялы аппарат пен құралдар шығарылатын болады.

 

«KAZMEDPRIBOR Holding» компаниясының президентi Рахат Байзақовтың бұл жобасы жуырда Астанада ҚР Президентi Н.Назарбаев пен Жапония Премьер-министрi Синдзо Абэнiң төрағалығымен өткен қос елдiң iскер топ өкiлдерi қатысқан бизнес-форумда көпшіліктің қызығушылығын тудырған болатын.

Алдағы уақытта бой көтеретiн өндiрiс кешенi де жапондық «SHIMADZU» фирмасымен серіктестік орнату нәтижесінде бой көтеруде. Жылына 60 мың дана өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорында 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Соның арқасында отандық компания ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың заманауи рентген аппаратына деген сұранысын өңiрде ғана емес, республика бойынша да қанағаттандырмақ. Бұл дегеніңіз, ел экономикасының дамығандығын, және өндіріспен айналыса алатын алпауыт мемлекетке айналып келе жатқандығымзыды аңғартса керек.

Айта кету керек, Рентгенология – клиникалық медицинаның рентген сәулесiнiң көмегiмен органдар мен олардың жүйелерiнiң құрамын, қызметiн зерттеп, аурудың рентгендiк диагностикасын қоятын саласы.Бұл қондырғы алғаш рет елімізге 1923 жылдан бастап келген болатын. Міне содан бері Республиканың барлық өңіріне бұл аппарат өзге елдерден әкелінетін. Бұдан бұлай мұндай тәуелділіктен арылатын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары