$ 444.14  477.05  4.85

Ақтөбелік тұрғын жасамаған қылмысы үшін 16 айын түрмеде өткізген

Жоғарғы сот ер адамның енді «қылмыстық істі жүргізген органның заңсыз іс-әрекеті» нәтижесінде келтірілген моральдық залалды өтеп беруін және сауықтандыруды талап етуге құқы бар екенін түсіндірді.
Фото: Túrkistan
Фото: Túrkistan

Ақтөбелік ер адамды есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 3,5 жылға бас бостандығынан айрылған. Алайда Жоғары сот шешімді қайта қарап, оның кінәсі жоқтығы анықталды, деп хабарлайды «Диапазон» жергілікті ақпараттық порталы.

50 жастағы ақтөбелік Болат К. есімді азамат есірткі қолданған. Ол танысын өз үйіне шақырып, есірткілік қоспаны бірге дайындаған. Осы сәтте полицей пәтерге енген. Ер адамды есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 3,5 жылға соттаған, сот үкімі шешімді өзгеріссіз қалдырған болатын. Алайда бас прокурор бұл істі қайта қарап, ер адамның жасамаған қылмысы үшін түрмеде отқанын айтты. Өйткені ол үйіне нашақорларды шақырмаған және үйінен есірткі саудасымен айналысатындай айғақ табылмады. Ол тек танысын үйге шақырып, есірткіні пайдаланып көрмек болған.

Жоғары сот Бас прокурордың сөзіне қосылып, қылмысты өтеу уақытын тоқтатты.

Тергеудің қателігінен ер адам түрмеде 16 ай жасамаған қылмысы үшін отырып шыққан. 

Жоғарғы сот ер адамның енді «қылмыстық істі жүргізген органның заңсыз іс-әрекеті» нәтижесінде келтірілген моральдық залалды өтеп беруін және сауықтандыруды талап етуге құқы бар екенін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары