$ 494.87  520.65  4.91

«Лифтіге бірге кіріп, бірнеше рет пышақ сұққан»: Шымкентте кәсіпкер әйелдің өліміне қатысты деректер айтылды

Прокурор Әли Нұрлыбаевтың айтуынша, 1971 жылғы ер адам қылмысты ұзақ уақыт жоспарлаған.
Фото: CityNews
Фото: CityNews

Шымкент қалалық соты кәсіпкер әйелді өлтіруге қатысты қылмыстық істі қарауға кірісті, деп хабарлайды sputniknews.kz жергілікті otyrar.kz порталына сілтеме беріп.

Прокурор Әли Нұрлыбаевтың айтуынша, 1971 жылғы ер адам қылмысты ұзақ уақыт жоспарлаған.

«Сол күні ол Тәуке хан даңғылы бойындағы көп қабатты үйдің қасында кәсіпкер әйелді аңдып тұрды. Сосын лифтіге бірге кіріп, бірнеше рет пышақ сұққан. Жарақат салдарынан әйел қайтыс болды. Қылмыскер болса, оның сөмкесін алып, ізін жасырған», - дейді Нұрлыбаев.

Сот отырысында қандықол қылмыскер өз кінәсін мойындап, әйелді өлтіруді ойламағанын жеткізді.

Тергеу материалдарына сәйкес, 11 мамырда кешкі сағат 17:00-де кәсіпкер әйел жұмыстан кейін үйге бара жатқан. Қолындағы сөмкеде алтын бұйымдар мен ақша болды деген болжам бар. Лифтіге онымен бірге бір ер адам кірді. Ол сөмкені алып қоймақшы болғанда әйел қарсылық көрсеткен. Осы кезде ер адам пышағын алып, бірнеше рет жарақат салған. 

Қылмыскер кәсіпкер әйелді өлтіргеннен кейін такси ұстап, оқиға орнынан қашып кеткен. Жолда ізін жасыру үшін көлікті үш рет ауыстырды. Бірақ бір жерде қателесіп, бейнекамераға түсіп қалды.

Қылмыскер сөмкеден ақшаны алғаннан кейін заттай айғақтарды СМУ-4 ауданындағы күл-қоқыс жәшігіне тастаған. Сол жерде бейне бақылау камераларына түсіп қалды.

Сосын ол сөмкеде болған ұялы телефонды байқамаған. Құқық қорғаушылар алдымен ұялы операторлардың көмегімен телефонды сигнал арқылы тапқан. Одан кейін бейнабақылау камераларының жазбаларын алдыртты. Осылайша, ең бірінші такси жүргізушісі анықталды. Артынан қылмыс жасаған ер адам да ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары