Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент тұрғындарына алғыс айтып, қызметімен қоштасты.Instagramпарақшасында жазба қалдырған бұрынғы әкім жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.
«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғысымды білдіремін. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестерімен атсалыстым.
Мен Шымкент халқына өте ризамын! Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім.Әр нәрсенің соңы болады бул өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін! Рахмет саған Шымкентім», - деп жазды ол.