Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада үш адам суға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есіл ауданында қайғылы оқиға болды. Отбасы Есіл өзенінің жағасына демалуға шыққан. 14 және 16 жастағы екі қыз 9 жастағы туысымен бірге су жағасынан селфи жасамақ болады. Бір сәтте оларды күшті толқын алып кетті. 45 жастағы әке оларды құтқару үшін суға секірген. Бірақ ол балаларды құтқарып, өзі ағысқа төтеп бере алмай, батып кетті.
Солтүстікқазақстандық құтқарушылар ер адамның денесін судан шығарды.
«Су объектілерінде адамдардың қайтыс болуының негізгі себебі - тыйым салынған орындарда шомылу, суда болу немесе мас күйінде демалу, жеке өмірін сақтайтын жабдықсыз балық аулау, балаларды қадағалау. Балық аулау процесіне құмар балықшылар көбінесе өз қауіпсіздігін ұмытып кетеді. Қарапайым ережелерді сақтау судағы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі », - деп толықтырды баспасөз қызметі.