$ 494.87  520.65  4.91

«Қызырымыз – Бақытжан Əбдірұлы»: Сағынтаев бұл теңеуге лайық па?

Алғашқы әкімдік қызметін Сейфуллин, Саин көшелерін жезөкшелерден тазартуға тырысып бастаған Бақытжан Сағынтаев елдің есінде Балтабек жырлағандай «Қырықтың бірі – Қызыр» болып қала ма, әлде, сол «қыз қуушы» күйінде сақтала ма?
Фото: Sputniknews.kz.
Фото: Sputniknews.kz.

Жас ақын Балтабек Нұрғалиев бүгін тағы бір мадақ жырын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет билігіндегі лауазымды қызметкерлерге дана, ғұлама, текті деген теңеулерді оңды-солды қолданып үйренген жас ақын бұл жолғы одасының тақырыбын «ҚЫЗЫРЫ БАР ҚАЛАМЫЗ - ҚҰТТЫ ҚАЛА» деп қойыпты.

Өзінің сөзінше, өлең «Мемлекет жəне қоғам қайраткері Бақытжан Əбдірұлы Сағынтаев мырзаның Алматы қаласының әкімі болып тағайындалуы құрметіне ізгі ілтипатпен арналған». Шумақ арасында кез келген кейіпкерінің ата-баба, әке-шешесін қамтып өтуді міндетті парызындай санаған Балтабек Нұрғалиев Сағынтаевтың да туыстарын назардан тыс қалдырмаған.

«Ұлықтайды ұмытпай мəңгі дала,
Сағынтайдай Атасы - əзғұлама.
Халық қамын ойлаған қасиетті
Асылтекті Əкесі - Əбдір Аға!

Əбдір Аға - Əкесі - Еңбек Ері,
Салиқалы Тұлғаға сенген елі.
Ұлы ғибрат - Құндызай Анамыздың
Тектіліктің бесігін тербегені!» - дейді шабытты жас.

Оған пікір білдірген оқырмандар «Үкімет Балтабекке обалдық жасап жүр-ау, еңбегін елемей», «мықты, өмірі билікті мақтағанды қолдамайтынмын, осы кісінің адалдығына сенемін», «Шынында керемет өлеңдер, бірінен бірі өтеді! Қандай теңеулер?! Қазір осы Балтабек баламыздан ғана мадақ еститін болдық қой...» деп «қолдау» көрсетіп, «жанашырлық» танытқан. Ал бұндағы «Қызырымыз – Бақытжан Əбдірұлы, Қызыры бар қаламыз – құтты қала!» деген жолдарын ақынның өзі ерсі санамайтынға ұқсайды.

Алғашқы әкімдік қызметін Сейфуллин, Саин көшелерін жезөкшелерден тазартуға тырысып бастаған Бақытжан Сағынтаев елдің есінде Балтабек жырлағандай «Қырықтың бірі – Қызыр» болып қала ма, әлде, сол «қыз қуушы» күйінде сақтала ма? Ол жағы алдағы уақыттың еншісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары