$ 494.87  520.65  4.91

Арыс тұрғыны танысын атып тастады

Жәбірленуші азамат тілге келмей дәмхана алдында қайтыс болған. Ізін суытқан күдіктіні тәртіп сақшылары қолға түсірді.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Арыс қаласындағы дәмхана алдында ер адам танысын атып кеткен. Жәбірленуші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қанды оқиға 29 шілде күні болған.

Күдікті танысын Арыс қаласы Ергөбек көшесіндегі «Қарлығаш» дәмханасының алдына кездесуге шақырған. Біраз уақыттан бері бас араздықтары бар екеуі де жалғыз келмей жақтастарын ертіп келген.

Екі жақ өзара мәмілеге келе алмай кикілжің соңы қан төгіспен аяқталған.

Күдікті өзімен бірге алып келген суық қаруымен көпшіліктің көз алдында танысын атып, кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші азамат тілге келмей дәмхана алдында қайтыс болған. Ізін суытқан күдіктіні тәртіп сақшылары қолға түсірді.

Арыс аудандық соты күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берген.

«Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 7,9-тармақтарымен сараланып, аса ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасағаны ескеріле отырып, екі ай мерзімге, яғни 2019 жылғы 29 қыркүйек сағат 22-00-ге дейін күзетпен ұстауға санкция берілді», - деп хабарлайды Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары