$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан жасыл желекке оранады

Түркістан қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды мәңгі есте сақтау мақсатында «Жеңіс орманы» акциясы өтті. Қаладағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен өткен жасыл желек отырғызу шарасы шаһар шетіндегі «Парасат» саябағында ұйымдастырылды.

 

Соңғы жылдары қала аумағының ұлғаюына байланысты шаһардағы «Парасат» саябағын көгалдандыру жұмыстары қолға алынған болатын. Жергілікті тұрғындарға жаңа демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында жасалған істер нәтижесінде, қазіргі таңда, мұнда ағаштар жайқалып, аталған саябақ Түркістандағы саялы орындардың біріне айналып үлгерді.

«Парасат» саябағының көлемін арттырып, көгалдандыру үшін қала әкімі Ә.Өсербаевтың тапсырмасымен шара аясында арықтар тартылып, тағы да 2,5 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаш отырғызу шарасы шаһарға қарасты барлық ауылдық округтерде де ұйымдастырылды. Соның аясында Түркістанда жалпы саны 5 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылып, қасиетті өңірдегі жасыл белдеу көлемі арта түсті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент жасыл қалаға айналмақ. «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілуде. Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га «Ақтас», 300-ге жуық га «Бөржар» мен 100 га «Қайнарбұлақ» учаскелері.

Бұдан бөлек Шымкент қаласында аумағы 200 гектарды құрайтын қоғамдық бақ та құрылады. Бақта алма, шабдалы, алмұрт секілді жеміс ағаштары өсірілетін болады. Бұл Қазақстан Республикасының өзге қалаларында әзірге баламасы жоқ бақ болмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары