12.11.2015, 11:48

Бәйдібек ауданына көгілдір отын жетті

Елбасының қолдауымен халықты импорттық газ тәуелділігінен арылту мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры тартылған болатын. Бүгін Облыс көлемінде жоспарланған 7 автоматтандырылған газ тарату станцисяының бірі Шалдар бекеті іске қосылып отыр. Аудан тарихындағы маңызды шараға облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев арнайы келді. Өңір басшысы экономикалық мәні зор жобамен етене танысып, жаңа газ тарату станциясын салтанатты түрде іске қосты.

Жаңа станцияның  техникалық талаптары жоғары мүмкіндіктерге ие. Сондықтан газ бекеті тек Бәйдібек ауданын ғана емес50 мың тұрғыны бар Созақтық ағайынды қатты отынан құтқаруға қауқарлы.

Бүгінен бастап осы екі ауданға 35 елді-мекенге газ тарту жұмыстары басталып, газ келеді. Одан ары Созақ ауданына созылып одан ары Жаңа тасқа кетеді.Құдай қаласа осы екі жылдың арасында осы 2016 жылдың аяғына дейін 35 ауылға газ қосылады, – деді өңір басшысы. Б. Атамқұлов.

Аталған жобаны іске асыру, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан таратылатын автоматтандырылған газ станциясын салу «ҚазТрансГаз» АҚқаржысы есебінен жүзеге асқан. Газ құбыры-бұрғыштың жалпы ұзындығы 32 км құрайды.

«Біз енді бүгінгі таңда 7 милард кубқа дейін газ тасмалдай аламыз Батыстан-Оңтүсттікке дейін.Мына газ тәуелсіздігінен толықтай құтылдық деп айтуға болады.Бәріміз жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді, осылайша Елбасымыздың ауылды мекендерге газды жеткізу тапсырмаларын орындап жатырмыз, - дейді «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры

Қайрат ШӘРІПБАЕВ