Білім басқармасы басы дауға қалған балабақшаға қатысты қалалық пікірін білдірді. 16 шілде күні баланы ұрлап кетпек болған тәрбиешіден бөлек, №96 мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеде қызметкерлер қыста да өз жұмысын дұрыс атқармаған болып шыққан. Хабарламаны жолдаған көрерменнің айтуынша, балаларды қыстыгүні тәрбиеші далаға ылғал киіммен шығарған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бұл – ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен оқиға еді. Сол уақытта балабақша әкімшілігі осы факттерді зерделеу барысында балабақшадағы істейтін тәрбиешіні жұмысынан заң бойынша шығарып, ұжыммен жеке жиналыс өткізген», – деді Алматы қаласы білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Гүлжан СЕМБАЕВА.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталғанын жазған болатынбыз.