01.08.2019, 14:25

22 жастағы қыз 1,6 кг әшекей жұтқан: ол іші ауырған соң дәрігерге шағым жасаған көрінеді

Фото: mail.upl.uz
Қыздың ата-анасы дәрігерлерге бірнеше уақыттан бері үйіндегі бұйымдары жоғала бастағанын, оны қызынан сұраса ол тек жылайтынын айтқан.

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында тұратын 22 жастағы бойжеткен ішінің қатты ауыруына шағымданып, дәрігерге барған. Рентген корытындысы қыздың асқазанында көптеген әшекей-бұйымдар жатқанын көрсеткен деп хабарлайды УНИОН сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Руни Хатун іші қатты ауырып, әр тамақ ішкен сайын жүрегі айни берген соң ауруханаға келген.

Дереу ота жасаған хирургтар қыздың асқазанынан бір жарым келідей өте қымбат әшекейлерді - 69 алқа, 80 сырға, 46 тиын, 8 медаль, 11 мұрынға арналған сақина, 5 білезік пен сағат алған.

Дәргерлердің айтуынша, бұйымдардың жалпы салмағы 1,6 келі болған. Ал бағасы 53 мың фунт стерлинг, яғни 24 млн 862 мың теңгені құраған.

Ал қыздың ата-анасы дәрігерлерге бірнеше уақыттан бері үйіндегі бұйымдары жоғала бастағанын, оны қызынан сұраса ол тек жылайтынын айтқан.

Дәрігерлер емделушіні психиатрға жіберген.

Тегтер: бұйым Әшекей