Қызылорда облысында «Мersedes» маркалы ауыр жүк көлігі «Тоyота» автокөлігімен соқтығысып қалды.
Жол апатынан 4 адам көз жұмып, 4 жолаушы Қармақшы аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айта кетейік, жол-көлік оғиғасы салдарынан қайтыс болған жүргізуші мен ауруханаға түскен төрт адам Қырғызстан азаматтары екендігі анықталды. Оқиға орнына облыстық жедел жәрдем стансасының 3 шақыру тобы дереу барып, медициналық көмек көрсеткен. Қазір Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.