$ 498.34  519.72  4.85

«Жел үп етті, «кружевный трусиді» көрдім...»: журналист жазбасы

Осы жазбаға «тұздық» ретінде өзі тосыннан түсіріп алған суретті де жариялаған.

Журналист Айдос Жұқанұлы өзінің фейсбук парақшасына елді елең еткізер пост жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.

«Баяғыда Бибігүл Төлегенова апамыздың «Алтын дискі» шықты. Баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер тыңдап отырмыз ол кісіні. «Біздің заманда жел үп етіп, көйлектен балтырымыз ағараң еткенде, жігіттердің жүрегі лүп ететін», – дейді апам. «Қазіргі қыздар өздерін киім киіп жүрмін деп ойлайды. Жігіттердің көзі үйреніп кеткен. Қызықтырмайды, ынтықтырмайды», – деп жалғастырды» дейді автор.

Осы жазбаға «тұздық» ретінде өзі тосыннан түсіріп алған суретті де жариялаған.

«Суретті өзім түсірдім. Бүгін түскі астан соң сәкіде кластасыммен әңгімелесіп отырғам. Мына аяқ алдыма өте жақын келіп тұра қалды. Темекі мен оттықты жарнамалады. Иә, жел үп етті, «кружевный трусиді» көрдім, бірақ жүрек лүп етпеді. «Етіміз» өліпті. Импотентке айналдырарсыңдар... Кластасым екеуіміз саяси әңгімені ары қарай жалғастыра бердік...» деп жазған одан әрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары