$ 443.44  480.51  4.88

Қазақстандық «Маңғыстау» кемесі Әзербайжанда өтетін Теңіз кубогына қатысады

Байқау Каспий теңізінің Әзербайжанға тиесілі аумағында өтеді.

Әзербайжанда өтетін «Теңіз кубогы – 2019» байқауына Қазақстан атынан «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Байқау Каспий теңізінің Әзербайжанға тиесілі аумағында өтеді. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Иранның әскери теңізшілері қатысады. «Маңғыстау» кемесі Оралдағы Зенит зауытында құрастырылған. 

Мұздай қаруланған әскери кеме судың үстімен қатар, астымен келетін жауды да жоя алады. 

Гидро-акустикалық станса мен өзге де тың құрылғылар 40 нысананы бір мезетте, автоматты түрде анықтай алады. Тіпті әуедегі ұшақты 90 шақырымнан көре алады. 

Кеме жабдықталған кезде әскери бөлімдердің ұсыныстары да ескерілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әзірбайжан