$ 498.34  519.72  4.85

Медициналық анықтама алудың жолы жеңілдеді

Енді медициналық тексеру тек үш кезеңнен тұрады

Қазақстанда ең маңызды медициналық анықтамаларды алу процедурасы жеңілдетіледі, деп хабарлады  Алтайньюс.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

«Бұдан былай жұмысқа орналасу немесе оқуға тапсыру кезінде медициналық тексеруден өту жеңіл әрі жылдам болады. Ондаған маманның кеңесіне жүгініп, кабинеттен-кабинетке жүгірудің еш негізі жоқ», – деді Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова.

Енді медициналық тексеру тек үш кезеңнен тұрады:

 1) учаскелік терапевт-дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің консультациясы;

2) психиатр-наркологтың консультациясы;

3) флюорография

 «Учаскелік дәрігер қандай да бір ауру болуы мүмкін десе ғана күдікті, қосымша басқа дәрігерлердің тексеруіне жібереді. Бірақ көп жағдайда 086У анықтамасы үшін ондаған дәрігердің  қарауы мен мөртаңбасының қажеті жоқ», –  дейді А.Айыпханова.

 Сондай-ақ көлікті басқару құқығын алу кезінде талап етілетін 083 және қаруды алып жүру құқығына қажет 108 анықтамаларын алу үшін медициналық тексеруден өту процесі де өзгереді.

«Біз екі жағдайды қарастыра отырып, жеті дәрігердің орнына үш маманның ғана кеңесі жеткілікті деп таныдық: терапевт, офтальмолог және психиатр-наркологтың консультациясы. Жаңа өзгерістер Әділет министрлігінде тексеріліп, бір немесе үш айдан соң қолданысқа енгізіледі», –  деп нақтылады Айнұр Айыпханова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары