02.08.2019, 07:19

Қызылордада мылтық ұрлап, істі болды

Белгісіз біреу үйдің кіре беріс бөлмесіндегі пластик терезесін ашып үйге кірген де аңшы мылтығын және 14 оғын, күміс бұйымдар мен әшекейлерді, киім-кешектерді алып кеткен.

Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен мылтық ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығындағы үйлердің бірінде ұрлық болғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. 

Белгісіз біреу үйдің кіре беріс бөлмесіндегі пластик терезесін ашып үйге кірген де аңшы мылтығын және 14 оғын, күміс бұйымдар мен әшекейлерді, киім-кешектерді алып кеткен. 

«Полицейлер жедел із кесу әрекетін жасады. Нәтижесінде қылмыстық ізі суымай ашылды. Бірнеше сағат ішінде күдікті азамат ұсталып, ұрланған заттар айғақ ретінде алынды. Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің юаспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда 25 жастағы күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұған дейін Қызылордада алаяқтық қылмысы өршіп тұрғаны хабарланған болатын.