02.08.2019, 09:49

Youtube хостингінде алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Фото: virily.com
Компаниядағылардың мәліметінше, көбіне ТМД елдерінің Интернет қолданушылары алданған.

«Касперский зертханасының» сарапшылары YouTube хостингінде ақылы жарнама арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. Алаяқтар хостингте сауалнамадан өту немесе қандай да бір қайырымдылық жасап, ақша аударғысы келген қолданушыға ірі сомадағы қаражат төлеуге уәде бергізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Компаниядағылардың мәліметінше, көбіне ТМД елдерінің Интернет қолданушылары алданған. Сол себепті биылдан бастап «Касперский зертханасының» мамандары алаяқтықпен ақша жымқыруға бағытталған 17 миллионға жуық сілтемені бұғаттаған. 

«Алаяқтар белгілі бір жоспар бойынша жұмыс істеген - қолданушы отырған парақшада бірнеше сілтемеге өту арқылы қомақты қаржыны иеленуге болатыны көрсетілген видеоларды қосып отырған. Кейінірек видеороликте қолданушы басуы қажет сілтемелер шығады да, артынша белгілі бір сомада комиссия төлеу қажеттігі айтылған», - дейді компанияның баспасөз қызметіндегілер.