$ 448.15  483.46  4.86

Сириялық мигрант қазақстандық азаматқа қылыш сұғып өлтірді

Қала полицейлерінің айтуынша, 28 жастағы мигрант пен Қазақстанның тумасы бір пәтерді жалдап тұрған.

28 жастағы сириялық мигрант Қазақстанның тумасын Германияда өлтірді, деп хабарлайды «Атамекен» бизнес арнасы.

Оқиға қала маңындағы Штутгартта болған. 

Көшелердің бірінде екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Қақтығыс ушығып, сириялық мигрант бөлмелесіне қылыш сұғып алған. Қалалық тәртіп сақшылар мигрантты тікұшақтың көмегімен тұтқындады.

Қала полицейлерінің айтуынша, 28 жастағы мигрант пен Қазақстанның тумасы бір пәтерді жалдап тұрған. Оқиға орын алған күні сириялық мигрант пәтерден көшу керек болған екен.

Bild.de баспасының мәліметінше, өлген азамат Германияның тұрақты тұрғыны, Қазақстанда туып-өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары